Бұл 2025 жылғы Желтоқсан айындағы Family Home тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарының қорытындысы:
Family Home 1
• Аула абаттандыру жұмыстары — 100% дайын. Брусчатка төсеу және көгалдандыру толық аяқталды
• Асфальт төсеу жұмыстарына 100% дайындық жасалды
• Тұрғын үй кешенінің жылыту жүйесі толық қосылып, подъездер мен пәтерлерге жылу беріліп тұр
• Ыстық және суық су жүйесі 100% жұмыс істеп тұр
• Кіреберіс баспалдағы гранитпен қапталып, пандусқа арналған қоршаулар толық орнатылды
3–4-подъездердегі коммерциялық нысандар чистовой түрде толық дайын.
Family Home 2
• Блок Г, 2 және 3-қабаттарда жабын плиталарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде
• 3-қабатта қабырға қалау жұмыстары жалғасуда
Ауа райының қолайсыздығына байланысты асфальт төсеу жұмыстары және қабырға қалау жұмыстары уақытша баяулатылып, кейінге шегерілді. Жағдай тұрақталғаннан кейін жұмыстар қайта жалғасады.
Жоспар бойынша келесі айда жабын плиталары жеткізіле бастайды.
Құрылыс жұмыстары күн сайын жоспарға сай жалғасып келеді.